Bugin

 Билл Гейтс: «2021 жылдың өнімді болуының 12 себебі»

Билл Гейтс 2021 жылдың 2020 жылға қарағанда өнімді болуының 12 себебін көрсетті

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

 1. Вакцинаны жасау жылдамдығы артады

   Бұрын бір вакцинаны жасап шығару үшін 10 жылдай уақыт қажет болатын. Дегенмен 2020 жылы фармацевтикалық компаниялар бірден екі вакцина жасап, сынақтан өткізді.

 2. Қауіпсіздік шаралары толық қабылданады

   Адамдардың 100% -ы маска киіп, арақашықтықты сақтамаса да, көп жағдайда бұл шарттарды қалыпты қабылдады. Гейтс вирустың таралуын бәсеңдету үшін бұл шаралар вакцинация кезеңінде де сақталуы керек деп қосты.

 3. Вакцина әлемдік деңгейге шығуға дайындалып жатыр

   Эпидемия әлдеқашан жаһандық сипатқа ие. Дегенмен вакцина да әлемдік деңгейде вирустай таралуы тиіс. Бұл жолда көптеген қиындық бар. Алайда миллиардер оларды еңсеруге сенім білдірді.

 4. Жаңа вакцинаға апарар жол

  "Екі вакцинаның сәтті дамуы жаңа мүмкіндікті тудырады" деді Гейтс. Түрлі компаниялардың барын ескерсек, жаңа вакцинаның пайда болуының мүмкіндігі жоғары.

 5. Әлем қаржылық тәуекелді бөлісуге дайын

 Вакцина дамуының ұзаққа созылу себебі – қаржылық тәуекел. Қаржылық тәуекелді жеңіп, инфекциямен күресу үшін Гейтс құрған эпидемиялық дайындыққа арналған инновациялар коалициясы (CEPI) қоры 388 миллион доллар инвестиция құйды.

 6. Компаниялар бұрын-соңды болмаған келісімдерге барады

 Вакцина жасалғаннан кейінгі негізгі сынақ – жаппай өндіріс. Сұранысты қанағаттандыру үшін компанияларға өндірісті бір жылдың ішінде екі есе арттыру қажет. Басты үміт әлемдегі фармацевтикалық компаниялар арасындағы арнайы келісімдерде. Сонымен қатар Гейтс «Мұндай жағдайлар сирек кездеседі. Бұл Ford жаңа Accord-тарды салу үшін Honda зауытын ұсынғанымен пара-пар» деп бағалайды.

 7. Логистика күрделі проблема

 5-10 миллиард мөлшердегі вакцинаны жасау және мұқтаждарға жеткізу – айтарлықтай қиын. Алайда Гейтс мәселе бай елдермен қатар кедейлерге көмектесу арқылы шешілетінін айтады.

 8. Күмән сейіледі

  Пандемияға дейін халық кез келген вакцинаға күмәнмен қараған. Қоғам лидерлері, ғалымдар мен дәрігерлер вакцина жайлы теріс пікірлерді жою үшін атсалысып жатыр. Дегенмен қастандық теориялары (оның ішінде Гейтстің өзіне және оның әйелі Мелиндаға қатысты) процесті баяулатып жатыр. Гейтс барлығының тың серпінде жүзеге асатынына сенеді.

 9. Науқастарды емдеу саны өседі

 Гейтс емдеу саласындағы прогресті атап өтті. Емдеу үшін стероидтер мен моноклоналды антиденелердің жекелеген түрлерін қолдануды ұсынды. Вакцина мен жаппай өндіріс, логистика – келесі маңызды қадамдардың бірі. Осы мақсатта Гейтс қоры Fujifilm Diosynth арқылы Eli Lilly жасаған антиденелерді шығару туралы келісімге қол қойды. Кейіннен олар төменгі, жоғарғы аудандарға жеткізіледі.

 10. Тестерде прогресс байқалады

 Гейтс COVID-19 үшін  алынатын тестердің дамитынын алға тартты. АҚШ-тың FDA  агентігі диагноз қоюдың алғашқы шараларын үйде жасауды мақұлдады. Вирусты бірден жүктілік тесті сынды құралмен анықтау мүмкін екенін болжады.

 11. Дамушы елдер жақсы жұмыс істейді

 Гейтс эпидемия дамушы елдерде бақылаудан шығуы мүмкін деп қорықты. Шындығында тропикалық Африкадағы аурушаңдық пен өлім деңгейі АҚШ пен Еуропаға қарағанда төмен.  Бірақ COVID-19 осы елдерде ЖИТС, безгек және басқа да ауруларын емдеуді әлсіреткені жағымсыз жаңалық. Нәтижесінде коронавирус жағымсыз әсер алып келуі мүмкін.

 12. Пандемиямен күресу үшін

 Әлем осы проблеманы шешу үшін жиналады. Осының арқасында жылу мәселесі де шешіледі.